Кино тарихынан танылған мекен – «Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы бүгінде жаңа тыныс алып, қайтадан ел назарын өзіне аударды.Бір кездері тек кадрда қалған көркем табиғат енді шынайы туристік магнитке айналды. Бүгінде мұнда күн сайын 1500–2000-ға дейін демалушы келеді.Осы ретте «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Күрті жағалауында жергілікті тұрғындармен бірге сенбілікке шықты.Өңір басшысы экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын атап өтіп:«Табиғат – бұл тек ресурс емес, бұл – біздің болашағымыз. Таза орта – әр азаматтың жеке жауапкершілігі. Бү...